Атырау, 26 сәуір 12:23
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Атырау облысында полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары ауысты

Бейнежазба
2 188 просмотра
Әбдіғани Сейдуалиев. Сурет: Otyrar.kz

Абай, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Түркістан және Ұлытау облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының Полиция департаменттерінде және Орал қаласының Полиция басқармасында бастықтардың жаңа орынбасарлары мен бөлімше бастығы тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz

Атырау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болып Түркістан облысы ПД-дан келген Әбдіғани Сейдуалиев тағайындалды.

Абай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болып Атырау облысы ПД-да қызмет атқарған Берік Амангелді тағайындалды. 

Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков (Шығыс Қазақстан облысы ПД-дан келген); 

Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов (Шығыс Қазақстан облысы ПД-дан келген); 

Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Дидар Аханов (бұған дейін осы бөліністің аудандық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарған)

Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұрғали Қасенов (ІІМ-нің орталық аппаратынан); 

Жетісу облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов (ІІМ-нің орталық аппаратынан); 

Батыс Қазақстан облысы ПД Орал қаласы Полиция басқармасының бастығы Сағындық Аяғанов (Алматы қаласы ПД-да қызмет арқарған); 

Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк (ІІМ-нің орталық аппаратынан); 

Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев (ІІМ-нің орталық аппаратынан);

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Меруерт Әбдіқадырқызы; 

Ұлытау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Мұрат Алтаев (Шымкент қаласы ПД-да қызмет еткен).

Тағайындау алдында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов әрбір кандидатпен жеке әңгімелесу өткізді. Ведомство басшысы қызметкерлермен кездесуде жаңа лауазымдағы міндеттерді белгілеп, Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды қалыптастыру бойынша қойған ІІМ-нің нақты талаптарын еске салды. Министр Ішкі істер органдарын дамытудың жаңа стратегиясы аясында бірінші кезекте кадр саласына басымдық берілетінін атап өтті. Марат Ахметжановтың айтуынша, қызмет өткеру кезінде кәсіби әлеуетті тиімді пайдалану, кәсіби даму үшін басшы лауазымдарға тағайындау кезінде “орталық-өңір” және “өңір-өңір” қағидаты бойынша қызметкерлерді ротациялауды қолдану туралы шешім қабылданды. 

– Қызметкерлерді ауыстыру құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігіне оң әсер етіп, проблемаларды шешуді басқа қырынан қайта қарауға ықпал жасайды. Қызметкерлермен жұмыс істеудің бұл әдісі өнімділікті арттыруға көмектеседі. Жаңа кәсіби міндеттер тәжірибені жақсартуға және жасырын әлеуетті ашуға септігін тигізеді, – деп атап өтті ІІМ басшысы. 

8 тамыз 2022, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.