Атырау, 24 қараша 11:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Курортта жалаңаш жүрген турист жергілікті тұрғындарды шошытты

980 просмотра

Таиландтағы Паттайя курортында туристерді, жергілікті тұрғындар мен полицияны алаңдатқан қызықты оқиға болды. Тәртіп сақшылары Еуропаның бір елінен жалаңаш туристі ұстады. Полиция "біртүрлі туристің" шығу тегін анықтауға тырысып жатыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Оқиға түн ортасында Паттайяның оңтүстік бөлігінде - Банг Ламунг ауданындағы адам көп көшеде болды. Көшеде жүрген азаматтар полицияны шақырды.

Таиландтағы БАҚ-тың мәліметінше, "полицейлер жақындаған сайын жалаңаш еуропалық оларға түкірді". Сондықтан жалаңаш ер адам күшейтілген режимде ұсталды.

Кейін турист учаскеде айғайлап, полицейлердің мазасын алған. Сондай-ақ, оның жанында ешқандай құжаты болмағандықтан полицейлер оның кім екенін анықтай алмаған. Нәтижесінде Таиланд полициясы жалаңаш бейтаныс адамды анықтауға көмек сұрады. Олар ұсталған адамның психикалық ауруы бар және оны емдеу керек деп ойлайды.

8 тамыз 2022, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.