Италиядағы По өзенінен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде су астында қалған бомба табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Әскери сарапшылар 25 шілдеде Италиядағы ең ұзын өзенінің солтүстігіндегі Борго Вирджилио ауылы маңында табылған 450 келі бомбаны залалсыздандырған.
"Балықшылар бомбаны По өзені жағасынан тапқан. Ол құрғақшылық салдарынан су деңгейінің төмендеуіне байланысты көрініп қалған", - деді полковник Марко Наси.
WW2 bomb revealed in drought-hit waters of Italy's River Po https://t.co/XxYLkF6M6q pic.twitter.com/SiNbGGCtQG
— Reuters (@Reuters) August 7, 2022
Залалсыздандыру операциясы үшін жақын маңда тұратын 3 мыңға жуық адам эвакуацияланған. Осы аудандағы әуе кеңістігі жабылып, су жолының сол бөлігіндегі навигация, сондай-ақ, жақын маңдағы теміржол желісі мен мемлекеттік автожол қозғалысы тоқтатылған.
Саперлар АҚШ-та жасалған құрылғыдан жарылғышты алып тастады, онда 240 келі жарылғыш зат бары айтылды. Содан кейін полицейлер құрылғыны Медол муниципалитетіндегі карьерге жеткізген.