Атырау, 24 қараша 12:00
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Венада Иранмен ядролық келісім бойынша келіссөздер қайта жалғасты

1 526 просмотра

Венада Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын (JCPOA) қалпына келтіруге бағытталған келіссөздің кезекті раунды басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Тегеран мен Вашингтон арасындағы жанама келіссөздерден кейін Иранның ядролық мәселелері жөніндегі бас келіссөзшісі Әли Багери Кани мен Венадағы келіссөздерді үйлестіруші Еуроодақ өкілі Энрике Мораның кездесуі өтті.

Иран АҚШ-пен тікелей келіссөз жүргізуден бас тартқандықтан, Мора Әли Багери Кани мен АҚШ-тың Иран бойынша арнайы өкілі Роб Маллимен қарым-қатынас орнатады.

Багери Кани қалған күрделі мәселелерді шешуде икемділік жоқтығын білдіріп, америкалық тарап кемелдік танытып, жауапкершілікпен әрекет ету керек деп мәлімдеді.

"Біз Иранның келісімге келуін мәңгі күтпейміз. Мәміле келіссөздер үстелінде жасалады. Олар оны қабылдауы керек", - деді Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік өкілі Джон Кирби. 

Тегеран да, Вашингтон да келіссөздердің осы раундындағы серпіліс мүмкіндігін төмендетсе, Еуропалық Одақтың сыртқы саясат басшысы Жозеп Боррель бұдан әрі елеулі ымыраға келуге мүмкіндік жоқ деп ескертті.

5 тамыз 2022, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.