Қазір 72 ауланы абаттандыру бойынша жұмыстар басталды. Оның ішінде тұрғын үйлердің ауласында автокөлік жолы мен жаяу жүргіншілер жолдарын қалпына келтіру, кеңейту, автотұрақтар орнын салу, әсемдік қоршаулар мен түнгі жарық шамдарын орнату, балалар ойын алаңдары, спорттық-жаттығу алаңдары мен кіші аяқ доп алаңдарын орнату, қоқыс алаңшалары және т.б. жұмыстар қаралған.
Қала әкімдігінің мәліметінше, қазір «Атырау Көлік» ЖШС және «Риголит» ЖШС мердігер мекемелері Құнанбаев көшесі 30, 30А үйлерінде және «Авангард» 3, 4 ықшам ауданында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кейін бұл жұмыстар Балықшы, Вокзал маңы, Нұрсая, Мұнайшы, Авангард, Лесхоз, Водников, Тұрғын үй қалашығы шағын аудандары және Азаттық, Сәтпаев, Құлманов, Атамбаев т.б көшесінде де жалғасын табады.
Келесі жылға тағы 100 ауланың жобасы жасақталады. Қазір оған тұрғындар тарапынан ұсыныс қабылданып жатыр. Өтінішті қалалық тұрғын үй инспекциясы бөліміне хабарласып немесе әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшаларында қалдыруға болады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ