Атырау, 22 сәуір 13:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19

Көне заман ақшалары

Сурет
3 225 рет қаралды

4 тамызда Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының жылжымалы көрмесі ашылды. «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының ортағасырлық өркениеті» тақырыбындағы көрмеге IX- XVII ғасырлардағы, Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі Отырардың өркениетін, мәдениетін, ғылымын, шаруашылығын көрсететін археологиялық жәдігерлер қойылған.

 

- Отырарда өркениет IX ғасырдан бастап дамыған. Көрмеге Отырар алқабының көне тарихынан сыр шертетін 200-ге жуық жәдігер әкелдік. Оның ішінде IX-XVII ғасыр аралықтарындағы тұрмыстық заттар, сауда-саттық кезінде пайдаланылған ақшалар: Яссыда, Бұқарада, Самарқанда соғылған теңгелер, Қарақанит, Шағатай, Сұлтан Әмір темір кезіндегі күміс дихрамдар көрмеге қойылды. Күмістен соғылған тиындардан  «Әмір темір» деген жазуды байқауға болады. Барлығы да түпнұсқа жәдігерлер, - дейді «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының қор сақтау бөлімінің меңгерушісі Шоқай ЕРАЛЫ.

Көрме 29 тамызға дейін жалғасады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

5 тамыз 2022, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.