Атырау, 24 қараша 11:56
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Бұл ақпараттық соғыс": Медведев "ВКонтактедегі" парақшасы бұзылғанын мәлімдеді

747 просмотра

Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасының бұзылуына қатысты пікір білдіріп, мұндай жағдайдан ешкім сақтандырылмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды sputnik.kz.

1 тамыз күні кешке Медведевтің парақшасында геосаясатқа арналған жазба жарияланып, артынша өшірілді.

"Мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Одан ешкім сақтандырылмаған. Мен премьер-министр болған кезде де осындай шабуылдармен күресуге тура келді. Бұл жаңа ғана біз айтқан ақпараттық соғыстың бір көрінісі", - деді ол.

Медведев құзырлы қызметтер тексеріс жүргізіп жатқанын айтты.

"Тағы қайталаймын: әлеуметтік желі әкімшілігі мен құзырлы қызметтер тексеріс жүргізіп жатыр. Кінәлілер жазасыз қалмайды", - деп толықтырды ол.


4 тамыз 2022, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.