Атырау, 19 қараша 10:23
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Облыс әкімінің орынбасарлары бірінен соң бірі - қысқарту арқылы және өз еркімен кетіп жатыр

2 019 просмотра

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат БЕКЕНОВ өз еркімен қызметінен кетті. Бұл ақпаратты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады. Біздің мәліметіміз бойынша, 3 тамызда Қ.Бекенов соңғы жұмыс күнін өткізіп, әріптестерімен қоштасқан.

Қайрат Бекенов 2020 жылдың желтоқсанында мемлекеттік қызметтен мұнай саласына оралған Ержан Әбілхановтың орнына Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын. Бұған дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Еске салайық, 21 шілдеде «штаттың қысқаруына байланысты» Атырау облысы әкімінің орынбасарлары Серік АЙДАРБЕКОВ пен Нариман ТАУШОВ қызметінен босатылған болатын.

Фархат АБИЛОВ

4 тамыз 2022, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.