Атырау, 4 мамыр 12:42
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Украина астығы тиелген алғашқы кеме Түркия жағалауларына жетті

741 просмотра

Соғыс жағдайында украин порттарынан астық алып шыққан алғашқы кеме Түркия жағалауларына қиындықсыз жетті, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Анкараның мәлімдеуінше, шілде айында Стамбулда Украина және Ресей биліктері өкілдерінің қатысуымен жасалған келісімге сәйкес, украин порттарынан орташа есеппен күніне бір жүк кемесі жолға шығады.

Сьерра-Леоне туы ілінген Razoni кемесі 1 тамызда Одессадағы порттан Түркияға қарай бет алды. Жүк кемесіне тиелген 26 мыңнан астам жүгері Ливанға жеткізіледі. 36 сағат бойы жүзген кеме сейсенбі күні кешке Босфорға кіретін жерге тоқтады, деп жазды Reuters.

Келесі күні таңертең кемедегі жүкті Стамбулдағы Бірлескен үйлестіру орталығының делегациясы тексереді. Оның құрамына украиндар, ресейліктер, түрік қызметкерлері мен БҰҰ өкілдері кіреді.

Украинаның азық-түлігін әлем нарығына шығару жөніндегі келісім азық-түлік дағдарысын жеңілдету мақсатында жасалған.

Ресейдің Украинамен соғысының кесірінен Қара теңіз порттарында экспортқа арналған миллиондаған тонна азық-түлік жиналып қалды. Киев жағдайға Ресейді кінәласа, Мәскеу астық тиелген кемелер акваториядағы украин миналарынан шыға алмай отыр деп мәлімдеген. БҰҰ Африка мен Азиядағы кедей елдерде аштық болуы мүмкін екенін ескерткен.

3 тамыз 2022, 18:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.