Еуроодақ газ тұтынуды 15 процентке қысқартады, деп хабарлайды 24.kz.
Кәрі құрлық елдері жуырда осындай келісімге келді. Тиісті құжат келер жылдың наурыз айы аяқталғанша күшінде болады. Жалпы одақ өкілдерінің айтуынша, мұндай шара бірінші кезекте халықтың қыс кезінде көгілдір отынға жұмсайтын шығынын азайтуға бағытталған.
Сондай-ақ ол ресейлік газ тасымалында болуы мүмкін іркілістерге дайындалуға көмектеседі-міс.