Атырау, 14 мамыр 06:58
 ашықВ Атырау +15
$ 440.92
€ 475.36
₽ 4.82

Жайықтан Ринат Жанқылыштың мәйіті табылды

2 035 просмотра

Бүгін кешке Жайық өзенінен Махамбет ауданы әкімінің мәйіті табылды. Құзырлы органдар осы дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлады Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, ТЖД хабарлағандай, Р.Жанқылыш 31 шілдеде сағат 20:30 шамасында «белгісіз жағдайларда шомылуға жабдықталмаған жерде суға шомылу кезінде батып кеткен».

Төтенше жағдайлар департаменті мәйітті бүгін, 1 тамыз күні сағат 20.00-де оқиға орнынан 25 шақырым жерде (Сарайшық ауылының шетінде) Жайық жағасынан жергілікті тұрғындар тапқанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Ринат Жанқылыш 2021 жылдың ақпан айында Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалған. Ринат Бауыржанұлы өз ісінің кәсіби маманы ретінде әріптестерінің есінде қалады. Атырау облысының әкімі, барша әріптестер Ринат Бауыржанұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне орай марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады"  деп хабарлайды әкімдіктегілер 

1 тамыз 2022, 20:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.