Атырау, 15 мамыр 02:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 440.90
€ 475.95
₽ 4.82

Атырауда «Tartyl Fest» фестивалі өтті

Сурет Бейнежазба
1 247 просмотра

Өңірде алғаш рет ұйымдастырылған «Tartyl Fest» фестиваліне 300-ге жуық тұрғын қатысты. Фестиваль жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Гранд-финалға жолдама алды. Ал Гранд-финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау. Фестивальді ҚР Президентінің жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қоры мен Атырау облысы әкімдігі ұйымдастырды. Қатысушылар салмағы мен жасына қарай тоғыз санат бойынша сынға түсті.

– 10 мен 35 жас аралығындағы азаматтар турникке тартылу бойынша сынға түсті. Барлық қатысушы фестивальге мұқият дайындалған. Фестиваль Атырау облысынан бөлек, еліміздің тағы 12 өңірінде өтеді. Енді Ақтауға, одан кейін Оралға, Ақтөбеге, Солтүстік Қазақстанға барамыз. Жарыстар жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын, – дейді фестивальді ұйымдастырушы Еркін ТАШОВ.

Жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құрады. Үздік нәтижені атыраулық Амангелді ӨТЕПОВ көрсетті. Ол 33 рет тартылып, 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз деп танылды. Қалған санаттар бойынша жеңіске жеткендер:

18 жасқа дейін (55 кг)

1-орын – Данил Пискариев – 29 рет;

2-орын - Азамат Асқарұлы - 28 рет;

3-орын - Зейнел Тілеухан - 26 рет.

18 жасқа дейін (55-70 кг)

1-орын - Ұлан Жайшылық - 28 рет;

2-орын - Нұржан Сұңғатұлы - 25 рет;

3-орын - Ерсұлтан Айтекенов - 24 рет.

18 жасқа дейін (70 кг жоғары)

1-орын - Әліби Урестен - 26 рет;

2-орын - Әли Серікұлы - 21 рет;

3-орын - Бекнұр Қанатай - 20 рет;

18-ден 30 жасқа дейін (65 келіге дейін)

1-орын - Тимофей Хван - 32 рет;

2-орын - Ақжол Салихадин - 32 рет;

3-орын - Камиль Хасипов - 31 рет.

18-ден 30 жасқа дейін (65-тен 80 кг дейін)

1-орын - Максим Пономаренко - 31 рет;

2-орын - Саламат Сабиров - 28 рет;

3-орын - Біржан Аманов - 25 рет.

18-ден 30 жасқа дейін (80 кг жоғары)

1-орын - Артур Зубарев - 26 рет;

2-орын - Нұрлыбек Халидолла - 25 рет;

3-орын - Артем Трембач - 24 рет.

30 жастан жоғары (80-нен 90 келіге дейін)

1-орын - Талғат Беримбаев - 29 рет;

2-орын - Аслан Шакиров - 26 рет;

3-орын - Асылхан Дүйсемалиев - 25 рет.

30 жастан жоғары (90 кг жоғары)

1-орын - Қали Қуаныш - 21 рет;

2-орын - Досқали Раушанұлы - 19 рет;

3-орын - Ыхтияр Нарманұлы - 18 рет.

30 жастан жоғары (80 кг жоғары)

1-орын - Амангелді Өтепов - 33 рет;

2-орын - Ержан Хабулов - 32 рет;

3-орын - Руслан Жакупов - 30 рет.

Бірінші орын алған жеңімпаздарға 200 мың теңге, екінші орын алған қатысушыларға 100 мың, үшінші орын иелеріне 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді. Оларды Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а. Нұржауған ТӨЛЕУОВА, «Дара» таланттарды қолдау қорының жетекшісі Нұрлан ҚОЯНБАЕВ, сондай-ақ жоба амбассадоры, қоғам қайраткері, жаттықтырушы және актер Айтым ЖАҚЫПОВ марапаттады.

Фестиваль кештің арнайы қонағы Мирас ЖҮГІНІСОВ пен жергілікті әртістердің қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен аяқталды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

ӨКҚ ұсынған суреттер мен бейнежазба

1 тамыз 2022, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.