
Суға батып кеткен Махамбет ауданының әкімі Ринат ДЖАНГЛИШОВТЫҢ денесін іздеу жұмыстары жалғасуда.

ТЖД хабарлағандай, шенеунік 31 шілдеде сағат 20:30 шамасында «белгісіз жағдайларда шомылуға жабдықталмаған жерде суға шомылу кезінде батып кеткен».
«31 шілде күні кеш мезгілінде Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары Махамбет ауданы Ортақшыл ауылына оқиға орнына жеткен бойда балық аулау құралдарымен іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап кетті.
1 тамызда сағат 06:10 шамасында Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері су асты іздестіру жұмыстарын бастады.
Іздестіру жұмыстарына ТЖД 9 қызметкері, аудандық полиция бөлімінің 10 қызметкері, әкімдіктің 10 қызметкері, туыстарынан 15 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, іздеу жұмыстарына бірнеше бірлік түрлі техника қолданылуда. ТЖД кешеден бері іздестіру-құтқару жұмыстары үздіксіз жалғасып жатқанын атап өтті.
В Атырау -10 



