Атырау, 15 мамыр 02:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 440.90
€ 475.95
₽ 4.82

Әкімнің денесі табылған жоқ

Сурет
1 639 просмотра

1 тамыз күні Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында суға батып кеткен аудан әкімі Ринат ЖАНҒЫЛЫШТЫ іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол ауылдан шамамен 10 км жердегі «Қоңыр» деген жерде суға кеткен. Ортақшыл округі әкімі Мереке ӘДІЛҒАЛИЕВПЕН кездесу мүмкін болмады, ұялы телефонын көтермеді. Ал мамандар әкімнің таңертеңнен жұмысқа келмегенін айтты.

Ауылдан шыға беріс жолға полиция қызметкерлері тұрды, олар өзен басына егінде жұмыс жасайтын шаруашылық жұмысшыларынан басқа, бөгде адамды өткізбеуге тапсырма алған.

Маған өзен басына барғанмен, іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқандармен кездесуім неғайбыл деп ескертті. Солай болды да.

Атырау облысы ТЖД мәліметі бойынша, 2022 жылғы 31 шілдеде сағат 22:38-де Махамбет ауданының АПБ кезекші бөлімінен Жайық өзеніне Махамбет ауданының Ортақшыл ауылында Махамбет ауданының 40 жастағы әкімі белгісіз жағдайда суға батып кеткені туралы хабарлама келген. Оқиға орнына Атырау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының 3 құтқарушысы, Махамбет аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы аттанды.

Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда, әкімнің мәйіті әлі табылған жоқ. Еске салсақ, Ринат Джанглишов 2021 жылдың 2 ақпанынан бері Махамбет ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

1 тамыз 2022, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.