Атырау, 3 мамыр 02:43
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Каспий құбыр консорциумы нысандарының жұмысы қалпына келтірілді

1 156 просмотра

«Құрманғазы» және «Исатай» мұнай айдау станцияларына электр қуаты берілді, деп хабарлайды консорциумның ресми сайтында.

«29 шілде күні «КҚК-К» АҚ-ның «Құрманғазы» МАС мен «Исатай» МАС-ке электр қуаты берілді. Бұл мұнай құбыры нысандарын штаттық режимге шығаруға мүмкіндік берді», - делінген хабарламада. 

Еске салайық, қолайсыз ауа райы жағдайынан электр желісінің 7 бағанасы құлап, салдарынан «КҚК-К» АҚ-ның өндіріс нысандары - «Құрманғазы» және «Исатай» мұнай айдау станциялары электр энергиясынан ажырап қалды. Стансалардың негізгі жабдығы резервтік көздерден қуат алуға көшірілді. 

«Айта кетейік, қалпына келтіру жұмыстарына персонал мен «КҚК-К» АҚ мердігерлері дереу кірісті. Электр желілерін басқару бойынша «KEGOC» АҚ қазақстандық компаниясының апат бригадалары белсенді қатысты. Аталған компания дербес қордан 220 кВ бағаналар бөліп, оның шұғыл тиелуі мен жөнелтілуін ұйымдастырды... 

Қазіргі уақытта Теңіз – Новороссийск мұнай құбыры желісі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мұнай жүк жөнелтушілердің өтінімдері толық көлемде қамтамасыз етіледі», - делінген.

30 шілде 2022, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.