Атырау, 3 мамыр 05:23
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Балықшылар шабақтарды құтқаруда

Сурет
1 144 просмотра

Махамбет ауданының Ақтоғай ауылдық округі аумағындағы Бақсай көлінде балық аулау кооперативтерінің қызметкерлері шабақтарды құтқару жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жалпы аудан бойынша 18 көл болса, «Бақсай», «Петрушкин», «Алмағамбет», «12 ауыл», «Кіші Қарашығанақ», «Қызылжар», «15 ауыл», «Қоржын» су айдындары Жайық өзенінен толық үзілген. Өр суы қайтқан мезгілден бастап табиғат құтқарушылардың көмегімен 200 мыңдай қарабалық тұқымдас балық шабағы құтқарылған. Жұмыстар қазір де жалғасып жатыр. Мамандар оларды ау құралдарының көмегімен сүзіп шығарады. Кейін арнайы ыдысқа салып, тасымалдау арқылы Жайық өзеніне жібереді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ ұсынған суреттер

29 шілде 2022, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.