Атырау, 5 наурыз 19:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42

Атырау облысында өткен тәулікте 75 адамнан COVID-19 анықталды

1 072 рет қаралды

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың  өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде 75 адамнан COVID-19 анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында - 60, Жылыой ауданында - 10, Махамбет ауданы - 3, Мақат және Қызылқоға аудандарында 1 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 63 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 12 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 13 адам емделді.

Қазір 662 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 48, аудандық инфекциялық стационарларда - 13 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.

29 шілде 2022, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.