Атырау, 20 сәуір 15:38
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты

3 071 просмотра

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Атырау мұнай өңдеу зауытында болып, қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.

Қазіргі уақытта Атырау МӨЗ динамикалық жабдықтар мен қондырғыларды кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде.

М.Мырзағалиев кәсіпорын басшылығына қысқа мерзімде іске қосу-реттеу жұмыстарын аяқтауды, жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруді және тұтынушыларға қорлардан мұнай өнімдерін жөнелтуді жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар, штаттан тыс жағдайлардың қаупін одан әрі азайту үшін қажетті жұмыстарды жүргізуді ең басты мәселе екенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта зауытта іске қосу-реттеу шаралары жалғасуда, технологиялық объектілердің жұмысын кезең-кезеңімен қалпына келтіру, жабдықты мұнай өнімдері мен катализатордан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға тәулік бойы 250-ге жуық жұмысшы тартылған. Бүгінгі таңда бізде 26 мың тонна бензин, 22 мың тонна дизель отыны, төрт мың тонна керосин бар. Бензин мен дизель отынын тұтынушыларға жеткізу 5-6 күнге, керосин бір аптаға жетеді», - деп баяндады АМӨЗ бас директоры Мұрат Досмұратов.

Еске сала кетейік, жақында Атырау мұнай өңдеу зауытында сыртқы желілердің әсерінен электр қуаты сөнген болатын. Қазіргі уақытта Атырау МӨЗ электр қуатымен жабдықтау қалпына келтірілді. Шикізатты өңдеуді бастау 28 шілде күні кешке жоспарланып отыр.

28 шілде 2022, 19:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.