Атырау, 5 қазан 12:23
 ашықВ Атырау +15
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Екі мектептің шатыры ұшты

Сурет
1 285 просмотра

Белгілі болғандай, 27 шілде күні Атырау қаласының ауылдық округтерінде қатты жел соғып, нөсерлете жауған жауын-шашын салдарынан С.Датов атындағы №26 мектептің (Ақжар ауылы) ғана емес, қала маңындағы Тайғайраң ауылы мектебінің де шатыры ұшып кеткен.

ТЖД құтқарушылары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді, шатырдың құлайын деп тұрған бөлігін бекітті. Ұшқан бөліктерін жинады. Зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ, қала ішіндегі (М. Бекмағамбетов, М. Мусин, Аманғалиев, Қоскелдиев, Тоқсанбаев, Ж. Досқалиев көшелерінің бойындағы) 7 тұрғын үйдің шатыры ұшқаны анықталды. Барлық жағдайда зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ТЖД жолдаған суреттер

28 шілде 2022, 20:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.