Атырау, 5 қазан 12:32
 ашықВ Атырау +15
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Атырау мұнай өңдеу зауытында электрмен жабдықтау қалпына келтірілді»

1 041 просмотра

"АМӨЗ" ЖШС баспасөз қызметі зауыттағы ахуал туралы баспасөз хабарламасын таратты: 

"27 шілде күні сағат 22.00-ден кейін Атырау МӨЗ-да электр қуаты қалпына келтірілді.

Сол күні сағат 23.00-де электр энергиясын төмендету себебінен тоқтатылған зауыт қондырғыларында жөндеу және іске қосу жұмыстары басталды, оның барысында жабдықтың жұмысқа қабілеттілігі анықталады.

Қазіргі уақытта технологиялық ақауларды жою жұмыстары жалғасуда. Қондырғыларға шикізат беру 28-шілде күні кешке жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, 27 шілдеде Атырау МӨЗ электр қуатының кернеуін төмендету тіркеліп, соның салдарынан зауыт "KEGOC" АҚ-ның сыртқы желілерінен ажырап, зауыт жұмысы тоқтап қалған болатын.

Төтенше жағдайдың алдын-алу үшін сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі толық тұрақтанғанша зауыттың отын желісі технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағытталды.

27 шілдедегі жағдай бойынша зауытта 26 мың тонна автобензин, 22 мың тонна дизель отыны және 4 мың тонна авиакеросин қоры бар. Бұл ресурстар тұтынушыларға жіберіледі".

28 шілде 2022, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.