Атырау, 5 қазан 12:23
 ашықВ Атырау +15
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Сорғы жабдығын іске қосу технологиялық тұрғыда мүмкін емес - КҚК

911 просмотра

Атыраудағы мұнай айдау стансаларының (МАС) электр қуатынан ажыратылуы теңіз терминалындағы мұнайды жөнелтуге әсер еткен жоқ. «Мұнай қалыпты режимде жөнелтіліп жатыр», - деп хабарлайды КҚК баспасөз қызметі. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда МАС-да сорғы жабдықтарын іске қосу технологиялық тұрғыдан мүмкін емес екені хабарланды.

«Ауа райының қолайсыздығына (жаңбыр, найзағай, дауыл жел) байланысты және 220 кВ әуе электр беру желілерінің (ВЛ) бірнеше тірегінің құлауы салдарынан республика аумағындағы «КҚК-К» АҚ объектілері: «Құрманғазы» және «Исатай» мұнай айдау станциялары электр желісінен ажыратылды», делінген хабарламада.

27 шілдесіндегі оқиға осы айдағы жеткізу кестесіне әсер еткен жоқ.

«Қазіргі уақытта КҚК теңіз терминалында мұнай жөнелту қалыпты режимде жүзеге асырылып жатыр. Стансалардың негізгі жабдығы резервтік көздерден қуат алып жатыр, нысандарда төтенше жағдай қаупі жоқ. Сонымен қатар, қалыптасқан жағдайда сорғы жабдықтарын іске қосу технологиялық себеппен мүмкін емес. Қазіргі уақытта «КТК-К» АҚ жөндеу бригадалары мен Қазақстан Республикасының тиісті қызметтері технологиялық ақауды жөндеп жатыр», делінген хабарламада.

28 шілде 2022, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.