Атырау, 5 қазан 14:26
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жаңбыр, дауылды жел: Энергетика министрлігі Атырау МӨЗ-ның тоқтау және КҚК-дағы электрмен жабдықтауды шектеу себептерін атады

1 085 просмотра

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының апатты жағдайда жұмысын тоқтатуына және "Каспий Құбыр Консорциумы" АҚ электр қуатындағы шектеулерге не себеп болғанын айтты.

"2022 жылы 27 шілдеде сағат 18:08-де Атырау облысында қолайсыз ауа райы (жаңбыр, найзағай, дауыл жел) салдарынан "Құрманғазы" мұнай айдау станциясын қамсыздандыратын аспандағы 220 кВ-тық екі электр беру желісі бір мезгілде ажыратылды ("Қазақстанның Каспий Құбыр Консорциумы" АҚ-ның балансындағы), делінген хабарламада.

Құлаған электр тасымалдау желісі бағандары табылды. Бұл жайт "Қазақстанның Каспий Құбыр Консорциумы" АҚ-ны 16 МВт-тық энергиямен жабдықтауда белгілі бір шектеулерге ұрындырды. Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауытында қоректендіру желілерінің іске қосқыш тетіктері ажыратылған. "Karabatan Utility Solution" электр станциясының энергия жүйесімен байланыс желілері ажыратылды, салдарынан электр станциясы генерацияны нөлге дейін төмендетуге мәжбүр болды.

Қазіргі уақытта технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр" делінген хабарламада.

28 шілде 2022, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.