Атырау, 5 қазан 14:21
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Шығын мөлшері кейін бағаланады, ал әзірге өндіріс тоқтап тұр»

1 047 просмотра

Атырау мұнай өңдеу зауытында өндірістің тоқтап қалуына байланысты «AМӨЗ» ЖШС баспасөз қызметі тағы бір түсініктеме берді:

«2022 жылғы 27 шілдеде сағат 17:05 және 17:30-да Атырау мұнай өңдеу зауытында электр кернеуінің үзілуі тіркелді, соның салдарынан сағат 17:45-те «KEGOC» АҚ-ның сыртқы желілерінен электр қуаты толық ажыратылды. Осыған байланысты екі қондырғыны қоспағанда (олар «Атырау-Жарық» АҚ арқылы электр қуатымен қамтамасыз етіледі), Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы толықтай дерлік тоқтатылды.

Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ тарапынан электр қуаты беріліп отырған жоқ.

«KEGOC» АҚ тарапынан электр қуатының тұрақты жеткізілімі қалпына келген бойда зауыт іске қосылмақ. Апатты тоқтату нәтижесінде келтірілген шығынды зауыт іске қосылғаннан кейін бағалау мүмкін болады.

Қазіргі уақытта зауытта тұтынушыларға жөнелтуге арналған отынның мынадай көлемі бар: 26 мың тонна автобензин, 22 мың тонна дизель отыны, 4 мың тонна авиакеросин.

28 шілде 2022, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.