Атырау, 28 наурыз 20:33
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Атырау мұнай өңдеу зауыты тоқтады

Шұғыл Толықтырылды
1 318 просмотра

Бұл зауытта «KEGOC» АҚ-ның электр қуатын тоқтатуымен байланысты.

«KEGOC» АҚ-ның электр қуатын жоспардан тыс тоқтатып тастауына байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытында электр қуаты болмай, салдарынан бүкіл зауыттың авариялық тоқтауы орын алды. Төтенше жағдайдың алдын-алу үшін сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі толық тұрақтанғанша зауыттың отын желісі технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағытталады. Айта кетерлігі, «KEGOC» АҚ-ның бұл тоқтауы жоспардан тыс болып табылады, бұл өндірістің жұмысына кері әсер етеді. Ақауларды жою нәтижесі туралы қосымша хабарланатын болады, - деп Атырау мұнай өңдеу зауыты алауының жануын түсіндірді зауыттың баспасөз қызметі.

Экология департаменті зауыттың тоқтап қалуына санитариялық-қорғау аймағы шекарасынан атмосфералық ауа сынамаларын алу арқылы әрекет етті.

- 27 шілдеде сағат 17:05-тен бастап «KEGOK» АҚ-ның № 209, № 210 желілерінің авариялық сөндірілуіне байланысты «АМӨЗ» ЖШС-нің электрмен жабдықтау желісінде бірқатар кернеудің төмендеуі орын алды. Нәтижесінде технологиялық қондырғылардағы динамикалық жабдықтың бір бөлігі әлсін-әлсін тоқтап тұрды. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында зауыттың отын желісі алау жүйесіне бағытталған. Жедел әрекет ету мақсатында департаменттің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары СҚА шекарасында атмосфералық ауаның сынамаларын алып жатыр. Жұмыс нәтижесі қосымша хабарланады, - делінген экология департаментінің хабарламасында.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 шілде 2022, 18:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.