Атырау, 5 қазан 14:27
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Атырауда ер адам алдымен өзін пышақтап, кейін "КамАЗ" астына түсіп, тірі қалды

1 513 просмотра

Әлеуметтік желіде ер адам жолдың көлік жүретін бойында әрлі-берлі қозғалып, полиция қызметкерлері оны тоқтатуға тырысқан бейнежазба пайда болды. Кадр сыртында: «қолына пышақ ұстап алыпты, сақ болыңдар» деген даусы естіледі. Сол кезде ер адам жол ортасына қарай жүгіріп, жүріп бара жатқан «КамАЗ» дөңгелегінің астына жата кетеді.

-«Каспий» аялдамасы маңындағы ЖКО туралы шақырту «103» пультіне 25 шілдеде сағат 19-да келіп түсті. Өтіп бара жатқан жүргінші жедел жәрдем шақырды. Тексеру кезінде медиктер зардап шегушінің жағдайы орташа ауырлықта, санасы айқын екенін анықтады. Ол облыстық ауруханаға тізенің жабық сынығы, оң жақ жамбас сүйегінің сыртқы айдаршығының шеткі сынуы диагнозымен жеткізілді. Мойнында бірнеше кесілген жарақаты бар. Қазіргі уақытта зардап шегуші дәрігерлердің бақылауында, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау облыстық Полиция департаментінің ақпараты бойынша, 34 жастағы қала тұрғыны өз-өзіне қол жұмсау мақсатында мойнына пышақ жарақатын салған. Полиция қызметкерлері жұмыстан үйлеріне қайтып бара жатып, жол бойындағы ер адамды көріп, оны тоқтатқысы келген. Бірақ ол жүріп бара жатқан «КамАЗ» көлігінің астына секіреді. Зардап шегуші облыстық ауруханаға жатқызылды. Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы ("Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу")  бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 шілде 2022, 21:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.