Атырау, 5 қазан 14:20
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Рөлдегі нашақор мен «есірткі сатушы»

1 098 просмотра

Атырау ҚПБ жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камерасы арқылы Авангард ықшамауданында «Skoda» көлігінен бір әйелдің төрт ер адамға әлдене сатып жатқанын байқап, жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Skoda көлігі Жерұйық ықшамауданында тоқтатылып, тексеріс кезінде 30 жастағы көлік жүргізушісінің прсихотропты препаратқа масаң күйде келе жатқаны анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне («Жүргізушінің көлік құралын есірткілік масаң күйде басқаруы») сәйкес, хаттама жасақталып, көлік басқару құқығынан айырып,15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Психотропты дәрі сатқан азаматша да ұсталды. Одан 13 дана трамадол және 5 дана тропикамид дәрілері тәркіленді. Іс жүргізу шешімін шығару үшін медициналық сараптама тағайындалды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 шілде 2022, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.