Атырау, 26 желтоқсан 05:05
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Уханьда тағы локдаун жарияланды

937 рет қаралды

COVID-19-дың алғаш таралған жері болып саналатын Қытайдың Ухань қаласында тағы да локдаун жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ

Бұл туралы Bloomberg хабарлады. 

11 млн-нан астам тұрғыны бар қала халқы аса қажеттілік болмаса, далаға да шығуына болмайды. Қоғамдық көліктер де тоқтаған. Ал ойын-сауық орталықтары коронавирусты жұқтырған симптомсыз науқастар анықталған соң үш күнге жабылды. 

Қытай оқшаулану, қозғалысты шектеу мен жаппай тестілеуден тұратын Covid Zero атты cтратегиясын ұстанып отырғаны белгілі болды.

Сондай-ақ Шэньчжэндегі оңтүстік өндірістік орталығына да баса назар аударылып отыр. Өйткені бұл жерде 150-ден астам адам вирус жұқтырғаны анықталды. 

27 шілде 2022, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.