26 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленский Уинстон Черчилл атындағы сыйлыққа ие болды. Британ үкіметінің хабарлауынша, аталған сыйлық Украина басшысына "Путиннің жабайы басқыншылығына төтеп беріп, адам нанғысыз батылдық пен қайсарлық көрсеткені үшін" берілген, деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Today Prime Minister @BorisJohnson presented President @ZelenskyyUa with the Sir Winston Churchill Leadership Award for incredible courage, defiance and dignity in the face of Putin’s barbaric invasion.
The UK will always #StandWithUkraine #ChurchillAward pic.twitter.com/o2uYP9m8LB
— UK Prime Minister (@10DowningStreet) July 26, 2022
Сейсенбі күні украин президентіне сыйлықты Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон тапсырды. Марапаттау рәсімі Даунинг-стритте өтті. Зеленский оған видеобайланыспен қатысты. Кейін Телеграмда "украин халқы тиранияға қарсы тұтас қарсы шықпағанда, бұл сыйлыққа қол жеткізбеген болар едік" деп жазды.
Черчилл халықаралық қоғамының сайтындағы мәліметке сәйкес, бұл сыйлық "бойынан сэр Уинстон Черчиллге тән көшбасшылық қасиеттері көрінген" адамдарға беріледі. Бұрын ол Уэльс ханзадасы Чарльз, Ұлыбритания премьер-министрі Маргарет Тэтчер, АҚШ мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт және өзге тұлғаларға берілген.