Атырау, 5 қазан 14:27
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырау облысында үш жаңа автобус бағыты ұйымдастырылды

1 076 просмотра

Бұл туралы Атырау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Самат АЙТҚАЛИЕВ мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл сегіз елді мекеннің тұрғындарын тасымалдау үшін мамыр-шілде айларында үш конкурс өткізілді. Нәтижесінде «Атырау-Сағыз», «Атырау-Ақжайық», «Атырау-Сарайшық-Жалғансай» бағыттарына тұрақты түрде қоғамдық көлік қатынайтын болды. Конкурс нәтижесімен жеңімпаз болып танылған «Akzhaiyk-Avtopark» ЖШС 1 тамыздан бастап өз жұмысын бастайды.

1. Сағыздан Атырау бағытына күн сайын сағат 06:00-09:00, ал Атыраудан Сағызға 17:00-20:00 аралығында қоғамдық көлік қатынайды. Билет құны – 2000 теңге. 

2. Ақжайық–Есбол-Ортақшыл-Еңбекшіл-Атырау бағыттарына сағат 06:50-08:40 аралығында, ал кері бағытқа сағат 18:00-19:50 аралығында автобус жүреді. Билет құны – 600 теңге.  

3. Жалғансай-Сарайшық-Атырау бағытына сағат 07:00-08:20; 14:00-15:20 аралықтарында, Атырау-Сарайшық-Жалғансайға 12:00-13:20; 19:00-20:20 аралықтарында қатынайды. Билет құны – 400 тг.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 шілде 2022, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.