Атырау, 5 қазан 14:19
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Авангардтағы қайғылы оқиға: көршілері мен әкім не дейді

1 117 просмотра
Осы подъездегі пәтерлердің бірінде қайғылы оқиға болды.

«АЖ»-ға Авангардта болған қайғылы оқиғаның егжей-тегжейі туралы белгілі болды. Еске салсақ, ванна бөлмесінде ерлі-зайыптылардың - су жылыту құбырына асылып қалған ер адам мен оның қасында буындыру белгілері бар әйелінің мүрдесі табылды.

«АЖ» тілшісі оқиға орнына барып, көршілерімен тілдесті.

- Кеше кешкісін аулаға шықтым. Жарты сағаттан кейін үйге кіргенде, көрші әйелдің пәтерге кіре алмай тұрғанын көрдім. Пәтер ішінен құлыптаулы болған. Содан кейін полицейлер мен ТЖ қызметкерлері келді. Кейін пәтерден екі адамның мүрдесі табылғанын білдік, - дейді көршісі.

- Бұл пәтерден сол күні өзгеше ештеңе естіген жоқсыз ба? Бәлкім дыбыс, ұрыс-керіс дегендей.

- Ондай ештең болған жоқ. Бұл пәтерде отбасылық ұрыс-керіс болған емес. Кейде баланың жылағаны естілетін. Олар бұл пәтерге бір ай бұрын көшіп келген, - дейді көршілері.

Марқұм жігіт – Құрманғазы ауданының тумасы, ауданық әкімнің кеңесшісі болып қызмет атқарған, БАҚ-пен байланыс бойынша жауапты болды. Әйелімен ажырасып жатқан, сондықтан әйелі Атырауда пәтер жалға алып, сол пәтерде анасымен және балаларымен тұрып жатқан.

Бұрын отбасы тұрған Құрманғазы ауданының әкімі Муса ӘБДІРАХМАННЫҢ айтуынша, мұндай жағдай болатындай ештеңе байқамаған:

- Ол еш жерде есепте тұрған жоқ, әкімдікте жұмыс істеді. Өз күндерін өздері көріп отырған қарапайым отбасы.

Полиция тергеу амалдарын жалғастырып жатыр. Еске салсақ, ол ҚР ҚК-нің екі бабы: 99-бабы ("Адам өлтіру") және 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша жүргізілуде. Сондықтан бұл оңай тергелетін іс болмайтыны анық.

Фархат АБИЛОВ

Суретті түсірген автор

27 шілде 2022, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.