Атырау, 5 қазан 14:28
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Базарлар мен супермаркеттерде наурызбен салыстырғанда бағалар қандай?

Сурет
1 015 просмотра

Шілде айында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің үшінші тоқсанға арналған шекті бағасы белгіленді. Алайда бұл жарияланбайтын құжат болып есептелгендіктен қандай азық-түліктің бағасы 15 пайызға қымбаттағаны белгісіз. Дегенмен, мұны жай ғана бағаны салыстыру арқылы білуге болады. «АЖ» тілшісі базар мен супермаркеттердегі өнімдердің қазіргі құнына шолу жасады. «Көктемде» бағалар қандай болды, мұны алдыңғы материалдан біле аласыз. Салыстыратын болсақ, үш айда тауық етінің, пияз, қанттың екі есеге жуық қымбаттағаны байқалады.

Шілдедегі баға:

Нан - «Дина», «Көктем», «Сарайшық» базарларында - 105 теңге, «Байзарда» - 85, «Анварда» - 91, «Идеал» - 96, «Лидерде» 110 теңге;

Жұмыртқа С1 (10 дана) - «Динада» 400, «Көктемде» 430, «Сарайшықта» 400, «Байзарда» 350, «Анварда» 345, «Идеалда» 350, «Лидерде» 356 теңге;

«Моё» сүті 3,2% - «Динада» 600, «Көктемде» 550, «Сарайшықта» 580, «Байзарда» - 541 теңге;

«Шедевр» өсімдік майы – «Динада» 1300, «Көктемде» 970, «Сарайшықта» 1000, «Анварда» 871 теңге;

Күріш - «Динада» 450, «Көктемде» 430, «Сарайшықта» 500, «Байзарда» 390, «Анварда» 326, Идеалда 334, «Лидерде» 334;

Құмшекер - «Динада» 750, «Көктемде» 800, «Сарайшықта» 750, «Байзарда» 517, «Анварда» 528, "Идеалда" 527 теңге. Алайда құмшекер супермаркеттерде белгілі бір уақытта ғана сатылымға шығарылады. Кейбірінде таңертең сағат 9:00-де, бірінде кешкі 17:00-де сөреге қойылады.

Картоп - «Динада»  220-300, «Көктемде» 250, «Сарайшықта» 230, «Байзарда» 220, ««Анварда»» 250, «Идеал» мен «Лидерде» 238 теңге;

Сәбіз - «Динада» 280-400, «Көктемде» 350, «Сарайшықта» 300, «Байзарда» -265, «Анварда» 245, «Идеал» 308, «Лидер» 297 теңге;

Жуа – «Дина» мен «Сарайшықта» 300, «Көктемде» 350, «Байзарда» 336, «Анвар» 309, «Идеал» мен «Лидерде» 335;

Қырыққабат - »Динада» 300, «Көктемде» 400, «Сарайшықта» 250, «Байзарда» 144, «Анвар» 135, «Идеал» 175;

Тауықтың сан еті – «Дина», Көктем Сарайшық базарларында 1500, «Байзарда» 1570, «Анварда» 1100, «Идеал» мен «Лидерде» 1015 теңге;

Сиыр еті – «Дина», «Көктем», «Сарайшықта» 2500-2600, «Байзарда» 2500, «Идеал» мен «Лидерде» тұрақтандыру қоры белгілеген бағамен 2060 теңге;

«Дина» базарында тауықтың сан еті 1400 теңге деп көрсетіліп тұрғанымен, сатушы бұл кешегі баға, қазір бағалар апта сайын өзгеріп жатыр деп түсіндірді.

Ал «Көктем» базарындағы көкөніс сатушылар менің бағаларды білу үшін келгенімді аңғарып қойды. Бастапқыда өзге баға айтқанын, сіздің сатып алмайтыныңызды білген соң айта салдым деп түсіндірді.  

– Біз таңертеңнен кешке дейін осы жерде тұрамыз. Павильонда көкөністердің өтімі өте төмен. Көбі даладан алады. Мысалы, мен бүгін қырыққабатты 150 теңгеге, картопты 220 теңгеден, кішілеулерін 100 теңгеден де беріп жатырмын. Өйткені картоп ұзақ тұрып қалғаннан жұмыртқалап жатыр. Оны ешкім алмай қояды. Біз өзіміз сатып алған бағаға 15 пайыздан артық қоспаймыз. Неге айналып келіп, бізді тексере бересіздер? - деп мұңын жеткізді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор 

26 шілде 2022, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.