Атырау, 5 қазан 14:23
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Бейбарыс алаңына бір нәрсе жетіспейді

Сурет
947 просмотра

Атырау қаласының тұрғындары оң жақ жағалаудың түпкі шетінде, АМУ-ге жақын жерде орналасқан қоғамдық дәретхананы халық көп шоғырланатын Сұлтан Бейбарыс алаңына орнатуды сұрайды.

- Демалыс күндері және кешкісін жағалауға серуенге шыққан қала тұрғындарының көпшілігі Сұлтан Бейбарыс алаңына жиналады. Алайда бұл жерде қоғамдық дәретхана қарастырылмаған. Университет қасындағыдай дәретхана қажет, немесе сол дәретхананы Бейбарыс алаңына жақын көшіруге болады ғой, орын табылады, - дейді жақын маңдағы «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінің тұрғыны Ирина Николаевна.

Біз өтінішті қала әкімдігіне жолдап, мынадай жауап алдық: «Бұл мәселе қаперге алынып, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-мен бірлесіп қарастырылады. Алдағы уақытта дәретхананы қала тұрғындарына қолайлы жерге ауыстыруға жұмыстанамыз».

Айта кетейік, қазіргі кезде қала аумағында 8 қоғамдық әжетхана бар. Олар Авангард ықшам ауданы, Жеңіс саябағы, Ж.Молдағалиев, Әйтеке би көшелері және Д.Нұрпейісова атындағы мәдениет үйі мен Исатай-Махамбет алаңында орналасқан. Бүгінде осы нысандардың біреуі ғана сенімгерлік басқаруға берілген. Қалған жетеуін  сенімгерлік басқаруға беру үшін ашық конкурс жарияланған. Қоғамдық дәретханалар таңғы сағат жетіден бастап түнгі бірге дейін жұмыс істеп тұр. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

27 шілде 2022, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.