Атырау, 24 қараша 12:42
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Зеленский: Соғыс Украинаның сағын сындыра алмайды

809 просмотра

Президент Владимир Зеленский Ресей басқыншылығына қарсы соғыста Украина "берілмейді" деп мәлімдеді. Соғыстың басталғанына тура 5 ай толғанда Зеленский Телеграмдағы парақшасында "бізге тиесілі жерді қорғаймыз. Біз жеңеміз" деп жазды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

"Соғыс Украинаның сағын сындыра алмады, сындырмайды да" деді президент.

Зеленский сонымен бірге Украина Ресей күштеріне тойтарыс беріп, өзіне тиесілі аумақтарды азат ете алуы үшін халықаралық қауымдастықты Киевке әскери көмек беруге үндеді.

Мәскеу "арнайы операция" деп атаған басқыншылық соғыс басталғалы бері мыңдаған украин азаматы қаза болды, миллиондаған адам үйлерін тастап, босып кетті.

Зеленский бес айға созылған соғысты сегіз жыл бұрын Мәскеу Қырымды аннексиялап, сепаратистерге дем берген кездегі шабуылдың жалғасы деп атады.

25 шілде 2022, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.