Атырау, 5 қазан 14:16
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Облыстық ауруханада томография жұмысын жалғастырады

1 085 просмотра

Тамыз айының соңына дейін Атырау облыстық ауруханасында жаңа МРТ аппараты орнатылады. Бұл туралы журналистермен өткен бейресми кездесуде денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ мәлімдеді.

Адамның ішкі ағзасын зерттеу үшін аса маңызды магниттік-резонанстық томография (МРТ) аппараты былтыр тамыз айынан бері стационарда жұмыс істемей тұр. Жаңасын сатып алу 2022 жылға арналған аурухананы дамыту жоспарына енгізілген.

– Облыста үш МРТ аппараты бар: облыстық ауруханада, кардиология орталығында және «Орион» жеке емханасында. Облыстық ауруханадағы аппарат істен шыққан, өйткені, біріншіден, оның қолданылғанына 10 жылдан асты, екіншіден, алғашқы 6-7 жылда облыстағы жалғыз аппарат болғандықтан, өте қарқынды пайдаланылып, ресурсы сарқылды. Бүгінде конкурс өткізіліп, жеңімпазбен шарт жасастық. Енді жаңа орынжай әзірленуде, өйткені электрмен жабдықтау, желдету, қабырғаны қорғау және т.б. бойынша аппаратты пайдаланудың белгілі бір ережелері бар, – деп атап өтті А.Байдуәлиев. Сонымен қатар, оның айтуынша, Жылыой ауданында салынып жатқан 75 төсектік ауруханаға КТ орнына МРТ аппаратын орнату туралы шешім қабылданған. Ғимарат жобасында МРТ үшін орынжай қарастырылмаған, бірақ бұл мәселе құрылыс кезеңінде шешілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА   

25 шілде 2022, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.