Атырау, 5 қазан 14:26
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Израильден дайындықтан өткен әріптестерімізді күтеміз

895 просмотра

Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті биыл Атырау облысының түлектеріне 30 грант бөлді. Бұл туралы журналистермен бейресми кездесу барысында Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлімдеді.

– Атырау облыстық жоғары медицина колледжінде балалардың білім алуына облыс әкімдігі жыл сайын 70-тен астам грант бөледі. Ал биыл Асфендияров атындағы ҚҰМУ атыраулық түлектерге фармацевтика факультетінде оқуға 30 грант бөлді. Бұл мектеп түлектері үшін тамаша мүмкіндік, олар толық ақпарат алу үшін бізге департаментке хабарласа алады, – деді А.Байдуәлиев.

Ол сондай-ақ дәрігерлердің, медбикелердің және басқа да медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Жоспарға сәйкес, облыстық медицина ұйымдарында, сондай-ақ, Израильде және Германияда білімін жетілдіретін дәрігерлер үшін басым бағыттары бар (акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог, балалар хирургы, онколог және т.б.) 20 бағыт бойынша 80 тақырып бекітіледі. Алғашқы 20 дәрігер қазір Израильде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 шілде 2022, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.