Атырау, 5 қазан 16:21
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Шегенді» қыстағында 11 сиыр неден өлді?

1 451 просмотра

19 шілде күні Индер ауданы Есбол ауылдық округіне қарасты "Шегенді" қыстағында отырған малшының бір сәтте 11 сиыры қатар өлген. 

4 млн теңге шығынға ұшыраған Ержан Рамазанов ақ адал малының неден өлгенін білмей басы қатулы. Жергілікті мал дәрігерлері малдан сынама алмастан сол жерге көміп тастады, дейді қыстақтағылар. 

- Бізге мал өлімі туралы хабарлама түскен жоқ. Қырды аралап жүргенде кездейсоқ үстінен түстік. Күн ыстықта мал шіри бастаған, амал жоқ, сол маңға көмуге тура келді, - дейді Есбол ауылдық округінің ветеринария пунктінің меңгерушісі Серік ҚАЖЫКЕНОВ

- Мал неден өлуі мүмкін?

- Бірден оншақты сиырдың өлуі әлдебір аурудан деп айта алмаймын, ондай белгі малдан байқалмаған. Қыстақтан бір шақырым жердегі шеген құдық көп жылдан пайдаланбастан тұр. Ішіндегі су улы болуы мүмкін. Өйткені суды ішкеннен кейін мал санаулы минуттарда іші кеуіп өліп қалған. Құдықтың су сынамасын облыстық зертханалық лабороторияға жібердік. Бір аптаның ішінде қорытындысы шығатын болады. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 шілде 2022, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.