Атырау, 5 қазан 16:20
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Балқұдықта соққан қатты жел шатырларды ұшырды

Сурет
1 833 просмотра

21 шілде күні кешке Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында көз көрсетпес қатты жел тұрып, соңы нөсер жаңбырға ұласты. Салдарынан орта мектеп шатырының бір бөлегі ұшып жерге түсті. Тағы бір үй шатырсыз жалаңаштанып қалды.

Бұдан басқа, бірнеше электр бағанасы қисайып, 40-қа жуық үй жарықсыз қалды.

- Тұрғындар дін аман, - дейді округ әкімі Жасұлан ЖАМАНҚҰЛОВ. - Табиғаттың кесірінен туындаған зардаптар шығыны есептелуде. Ахуалды жақсарту шаралары алынуда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

22 шілде 2022, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.