Атырау, 5 қазан 16:18
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырау облысындағы эпиджағдай

1 244 просмотра

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде 44 адамнан COVID-19 анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында - 39, Құрманғазы ауданында - 2, Махамбет ауданы - 2 және Жылыой ауданында 1 адам. Коронавирустық инфекциясы бар 34 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 10 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 7 адам емделді. Қазір 306 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 29, аудандық инфекциялық стационарларда - 7 науқас ем алуда.

21 шілде 2022, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.