Атырау, 5 қазан 16:09
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қауіпті өткел

Бейнежазба
1 818 просмотра

Исатай ауданы Тұщықұдық ауылын республикалық маңызы бар "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" автомобиль жолы кесіп өтеді. Бұл осы ауылдағы Мырзағалиев атындағы орта мектеп оқушылары үшін қауіп-қатерге толы екеніне ата-аналар алаңдаулы. Себебі, балалар сол жол арқыры қатынап оқиды.

- Бұл мәселені біз бірнеше рет көтердік. Шарасы алынады дейді, қашан? Енді бірер айда оқу басталады. Бірнеше жыл бұрын екі баланы дәл осы жерден көлік қағып кетті. Жүргізушілердің бәрі бірдей жол белгісіне қарап жатқан жоқ. Ұшып жүреді, міне мен видеоны сізге жолдап отырмын. Дәл мектеп алды жылдамдықты 40 ш/сағ. асырмау керек деген белгі көрсетілген, оған кейбіреулер қарап жатқан жоқ. Егер оқыс жағдай орын алса, кім жауап береді? - дейді ауыл тұрғыны Ерлан ШЕРУЕНОВ.

Осыған орай біз аудан әкімі Полымбет ХАСАНОВҚА хабарласқанбыз. Ол жол белгісін "Қазавтожол" мекемесіне әкімдік тарапынан сөйлесіп қондырғанын, бірақ жылдамдықты төмендетуді кейбіреулер ескермей, есерлене жүргізетінін жасырмады.

Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі: "Тұшықұдық ауылы республикалық маңызы бар жол бойында орналасқан. Ауыл трассаның екі жағында орналасқанын атап өткіміз келеді. Аталған жолда, яғни видеода көрсетілген жол бөлігінде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сол себепті жылдамдықты автоматты түрде анықтайтын құрылғы қондыруға мүмкіндік болмай отыр. Мектеп тұсына жаяу жүргінші өткелі және жылдамдықты шектеу жол белгісі жаңа оқу жылы басталғанша орнатылатынын қаперіңізге береміз" деді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазбаны түсірген Ерлан ШЕРУЕНОВ

21 шілде 2022, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.