Атырау, 5 қазан 16:14
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Индер көпірі тағы ойылып жатыр

Сурет
1 579 просмотра

Жайық өзені арқылы аудан орталығы Индербор кентіне қатынайтын облыстағы екінші ұзын көпір бұдан 12 жыл бұрын пайдаланылуға берілді. Қазір оның қайта-қайта жөндеуге тұруы жұртшылықты ығыр етіп болды.

2017 және 2020 жылдары жөндеу жұмыстары жүрсе де, көпір үсті шұрқ тесік. Оның үстіне жаяу жүргіншілер өтетін жолдың бір жағы апандай шұңқырға айналып, опырыла құлаған.

Осыған орай Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі қысқа ғана жауап жіберді: «"Салем Констакшн" ЖШС кепілдік шартына сәйкес орташа жөндеу жүргізіп жатыр". Алайда "АЖ" тілшісі ол жерден ешқандай жұмысты да, жұмысшыларды да көрмеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

18 шілде 2022, 22:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.