Атырау, 24 қараша 12:52
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Пандемия кезінде жәрдемақы төлемегені үшін АҚШ банкіне 225 млн доллар айыппұл салынды

930 просмотра

Реттеуші органдар пандемия жағдайында жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны дұрыс бөлмеген Америка банкіне 225 миллион доллар көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CBS News басылымына сілтеме жасап.

АҚШ Қаржы министрлігінің валюталық қадағалау басқармасы АҚШ-тың екінші ірі банкін алдын ала төленген карта бағдарламасына байланысты алаяқтықтан зардап шеккендерге 125 млн доллар көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді. Тұтынушылардың қаржылық құқықтарын қорғау бюросы сонымен қатар банкті «пандемия кезінде жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлей алмады» деп айыптап, қосымша 100 млн доллар айыппұл салды.

Тұтынушылардың қаржылық құқықтарын қорғау бюросы Америкa банкі алаяқтықты анықтау бағдарламасы арқылы адамдардың шоттарын автоматты түрде және заңсыз бұғаттағанын мәлімдеді. Соның салдарынан 12 штат: Аризона, Калифорния, Айова, Канзас, Кентукки, Массачусетс, Мэриленд, Мичиган, Нью-Джерси, Невада, Солтүстік Каролина және Оңтүстік Каролинада шамамен 100 мың карта ұстаушы азамат зардап шекті.

Өз кезегінде Америка банкінің өкілдері 2020 және 2021 жылдары мемлекеттік жүйелер төлемдерді мақұлдауға арналған жалған өтініштерге толы болғанын атап өтті. Осыған қарамастан, банк 14 миллионнан астам адамға пандемиялық жұмыссыздық бойынша 250 млрд доллардан астам сомаға жәрдемақы беруге көмектесті және кез келген басқа қаржы институтына қарағанда америкалықтарға көбірек жеңілдік берді.

Қазіргі уақытта банкке жеке тұлғалар шығынын өтеу жоспарын ұсыну үшін 90 күн уақыт берілді.

18 шілде 2022, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.