Атырау, 5 қазан 18:18
 ашықВ Атырау +12
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Дженнифер Лопес пен Бен Аффлек 20 жылдан соң үйленді

912 просмотра

20 жыл бұрын Дженнифер Лопес пен Бен Аффлек үйленбей, айырылысып кеткен. Енді жұлдызды жұп некеге тұру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Голливудтық жұп Джей Ло мен Бен Аффлек үйленді, деп хабарлайды StarHit.

16 шілдеде әртістер Невада штатында некеге тұруға рұқсат алды, қазір жұлдыздар ресми түрде ерлі-зайыптылар.

49 жастағы Аффлек пен 52 жастағы Лопес Лас-Вегас үлгісіндегі мерекені өткізді. Әнші Бен Аффлектің тегін алғаны да айтылады.

Енді жас жұбайлар Беверли-Хиллзге көшуге дайындалып жатыр. Бұл сарай жұлдыздарға 60 миллион долларға шықты, бұған дейін Голливуд актері Дэнни ДеВито онда бұрынғы әйелімен бірге тұрған.

18 шілде 2022, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.