Атырау, 5 қазан 18:20
 ашықВ Атырау +12
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Грекияда әскери жүк тиеген украиналық ұшақ апатқа ұшырады

1 012 просмотра

16 шілдеде кешке Грекияның солтүстігінде украиналық Ан-12 жүк ұшағы апатқа ұшырады. Әзірге толық емес ақпарат бойынша, ұшақ бортында 8 адам болған, олардың барлығы қаза болды. Украина сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, ұшақта болғандардың барлығы украин азаматтары, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Ұшақ украиналық "Меридиан" әуе компаниясына тиесілі. Бортында Сербиядан тиелген, Бангладешке жеткізілуі тиіс әскери жүк болған. Арасында артиллериялық снарядтар да бар. Жүк салмағы 11,5 тонна.

Интернетте ұшақтың құлаған сәтінен видео да тарады. Ол әуелі әуеде жанып, артынша жерге құлап жарылған. Өрт түні бойы сөндірілген. Жергілікті билік жақын маңдағы елді мекен тұрғындарын маска тағып, үйлерінің терезесі мен есіктерін ашпауға кеңес берді.

Ұшақ апатының себебі анықталып жатыр. Грекия ақпарат құралдарының жазуынша, Сербияның Ниш қаласынан ұшып шыққаннан кейін ұшқыш грек диспетчерлерінен қозғалтыш ақауына байланысты апатты жағдайда қонуға рұқсат сұраған.

Ұшақ Иордания астанасы Амманға қарай ұшқан. Жергілікті биліктің хабарлауынша, ол сол жақтан жанармай толтырып, әрі қарай Бангладешке ұшуы тиіс болған.

18 шілде 2022, 00:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.