Атырау, 5 қазан 18:21
 ашықВ Атырау +12
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Путин Рогозинді қызметінен босатты

1 350 просмотра
Фото ©РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин Дмитрий Рогозинді "Роскосмос" басшысы қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Рогозин 2018 жылдың мамырынан бері "Роскосмостың" бас директоры қызметін атқарған.

Юрий Борисов "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының жаңа бас директоры болып тағайындалды.

Юрий Борисов. ©РИА Новости

65 жастағы Юрий Борисов Ресей премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылған болатын. Ол бұл қызметте 2018 жылдың мамырынан бері қызмет еткен. Ресей Федерациясының Батыры атағы бар.

"Роскосмос" - ғарыш саласын басқаратын ресейлік корпорация. "Роскосмос" "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланады.

15 шілде 2022, 17:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.