Атырау, 24 желтоқсан 23:13
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Кардиоорталық қалай жұмыс істейді

1 203 рет қаралды

80% жағдайда шұғыл көмекке мұқтаж науқастар облыстық кардиологиялық орталыққа түседі, деп хабарлайды емдеу мекемесі директорының орынбасары Сандуғаш ЖҰМАҒАЛИЕВА.

– Жүрек-қан тамырлары ауруларының негізгі себебі – атеросклероз. Қазіргі уақытта жүрек және қан тамырларының бірқатар ауруларын тек хирургиялық жолмен емдеу мүмкін болады. Соңғы 5 жылда біз өмірге қауіп төндіретін аритмияны жоюға және жүректің тоқтап қалуына жол бермеуге арналған құрылғыларды имплантациялауды тәжірибеден өткізіп жатырмыз. Осы уақыт ішінде біздің орталықта осындай 200 құрылғы орнатылды, – дейді С.Жұмағалиева.

Кардиоорталықта жоғары технологиялық медициналық қызмет түрлерін кеңейту, жүрек қақпақшаларын протездеу операцияларын енгізу және балалар кардиохирургиясы бөлімін ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда өңірімізден шұғыл көмекке мұқтаж балалар Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына (Нұр-Сұлтан) жіберіледі.

Атырау облыстық кардиохирургия орталығы 2007 жылдан бері жұмыс істейді, ол 150 орынға есептелген. Орталықта 293 қызметкер, соның ішінде 38 дәрігер жұмыс істейді, оның 35-і жоғары санатты.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 шілде 2022, 00:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.