Атырау, 24 қараша 13:12
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ЕО Кеңесі Хорватияның еуроаймаққа қосылуын мақұлдады

970 просмотра

Еуропалық одақ Кеңесі Хорватияның бірыңғай еуропалық валютаға көшуін ақыры мақұлдады. Келесі жылдың басында бұл ел еуроаймаққа ресми түрде 20-шы мүше болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Бұл инфляция өсіп, қымбатшылық орнап жатқан одақ үшін қолайсыз уақытта болады. Хорватияда жергілікті кунадан Еуроға қайта есептеу кезінде бағаның дөңгелектенуі нәтижесінде көп нәрсе қымбаттауы мүмкін. Алайда, бұл өткен ғасырдың аяғында қарулы қақтығыстан аман қалған және 2013 жылы ЕО-ға кірген бұрынғы Югославия Республикасы үшін маңызды оқиға.

«Бұл - Еуропалық одақ пен Еуропалық валюталық одақ үшін айтулы күн. Еліміздің Еуроаймаққа 20-шы мүше болуы да алдымызда тұрған барлық проблемаларға қарамастан, еуроинтеграцияның жалғасуының айқын белгісі», - деді Хорватияның қаржы министрі Здравко Марич.

1 қаңтарда Хорватия өкілі Еуропа орталық банкі Басқарушылар кеңесінің толыққанды мүшесі болады.

13 шілде 2022, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.