Атырау, 17 мамыр 17:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Алғашқы өнім халық игілігіне

Сурет
947 просмотра

Махамбет ауданында піскен қауын, қарбыздың алғашқы өнімдерін жинай бастады.

Облыста алғашқылардың бірі болып Таңдай ауылы алқабында "Медеуов К." ШҚ-да қарбыздың алғашқы өнімі жиналған болатын. Бұл ерте жетіліп пісетін "SarmatF1" тұқымынан алынған өнімдер.

- Бастысы нитраты жоқ, таза өнім. 6 гектарға қарбыз ектік. Өнім жинау басталып кетті. Оншақты адам жұмыс жасап жатыр. "Дина" базарында қарбыздың келісін 150 теңгеден сатып жатырмыз. Тез өтіп кетеді, - дейді ШҚ басшысы Қуаныш МЕДЕУОВ.

Ал "Дастан" ШҚ "Дакара" сортты ерте жетіліп тез пісетін қауындарын базарға жөнелтіп жатыр. Дәмі тіл үйіреді.

- Жалпы ауданда 100 шаруа қожалығы көкөніс өсірумен айналысады. Оларға мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіліп келеді, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімнің басшысы Олжас МЫРЗАБАЕВ. - Егер шаруа тыңайтқыш, тамшылатып суару құрылғыларын сатып алса, 50 пайызына субсидия беріледі. Ал трактор сатып алса, 25 пайызын субсидия негізінде мемлекет өтеп береді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

13 шілде 2022, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.