Атырау, 13 қазан 02:44
 дождьВ Атырау +18.2
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

Жилгородок көпірінің жолы толықтай жаңартылады

Сурет
1 348 рет қаралды

Жақында Жилгородок көпірі жөндеуден өтіп, ол жердегі шұңқырлар «жамалған» еді. Ал атыраулық көлік жүргізушілер көпірге толыққанды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу керек деп есептейді.

- Көпірді жөндеуге жапқанда толықтай жөнделеді деп үміттенгенбіз. Бірақ қазіргі күйі жөнделгенге ұқсамайды. Әр жерден бір жамап, салдарынан қазір көпірдің жолы толқынданып жатыр. Енді осылай қала ма?- дейді жүргізуші Бауыржан.

Атырау қалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары бөлімінің бас маманы Ержан ҚАЙНОЛЛАЕВ:

- Тұрғындардың аса қажеттік тудыруына байланысты уақытша ойық-шұңқыр жерлері жөнделді. Қазіргі кезде жобалық сметасы жасақталуда. Жөндеу жұмыстарын биыл бастау жоспарланып отыр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

13 шілде 2022, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.