Атырау, 17 мамыр 17:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Әуезов жолын қалпына келтіру жұмыстары: 300 метр қалды

Сурет
968 просмотра

Атырауда Жилгородокта соңғы аялдамадан Құрманғазы мәдениет сарайына дейінгі Әуезов көшесінің 300 метрдей жолын қайта қалпына келтіру жұмыстары қараша айына дейін жалғасады.

Бұл Әуезов көшесін қалпына келтірудің соңғы кезеңі. Бұдан бұрын соңғы аялдамадан АМӨЗ-ге дейінгі негізгі учаскеге күрделі жөндеу жүргізілді. Жұмыстарды «Атырауинжстрой» ЖШС жүргізіп жатыр.

Қазіргі кезде жолдың аталған бөлігінің толықтай жабындысы күреліп, кәріз құбырлары қазылуда.  

- Біріншіден, бұл жерге кәріз жүйесі толық жаңаға ауыстырылады. Одан соң  асфальттың астыңғы қабатына үш қатар топырақ төселеді. Жолдың ені 14 метр, 4 жолақты болады және автокөлік жолының екі шетіне жаңадан ені 1,5 метр жаяу жүргінші жолы түседі, - деді қалалық ТКШ бөліміндегілер.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор 

12 шілде 2022, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.