Атырау, 17 мамыр 10:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Құрбан айтта мал бағасы өсті ме?

Сурет
1 660 просмотра

Қала тұрғындары жыл сайын құрбан айт қарсаңында мал бағасының шарықтап кететінін жиі айтады. «АЖ» тілшісі айт мерекесі қарсаңында мал базарларындағы ахуалмен танысып қайтты.

Астрахань тас жолы бойындағы мал базарында қой сатушылар базардың ішіне сыймай, далада жолдың жиегіне дейін тізіліп тұр. Базар ішіндегі бағамен салыстырғанда, жол жиегінде тұрғандардың бағасы да сәл арзандау.

Мал базарында құрбандыққа арналған екі жасар тұсақ 60-65 мың теңгеден. Бір жыл болмаған қозылардың бағасы 35  мың теңгеден басталады. Қойлар көбіне БҚО, Құрманғазы, Қызылқоға, Индер аудандарынан әкелінген. Ол жерде қойды 3 мың теңгеге сойып береді. 

Ал ірі қарадан 3 жасар өгізді ең төменгі бағасы 370 мың теңге, ұрғашы сиырды 400 мың теңгеден бастап сатып алуға болады.

 – Өрлік ауылынан келіп тұрмын. Өзім баққан сиырларым. Салмағы 350 келі болатын өгізді 700 мың теңгеге бағалап тұрмын. Одан артық түсіре алмаймын. Біз әр сатылған ірі қара үшін мал базарына орынақы есебінде ақша төлейміз, - дейді сатушылардың бірі.

«Тума» базарында мал бағасы сәл қымбаттау екенін бірден байқауға болады. Мұнда қозылар 40 мың, ірі ұрғашы қойлар 100 мың теңге, ісек 120 мың теңгеден. Ал бұл жерде қойды 4 мың теңгеге сояды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор 

9 шілде 2022, 08:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.